Новое Распределяем каналы MAX по категориям и территориям. Читать новость
Лайк пен қаралым үшін заңды бұзуға болмайды: ІІМ 9 блогерді жауапқа… — видео, канал «Dauletten» ▶ видео

Лайк пен қаралым үшін заңды бұзуға болмайды: ІІМ 9 блогерді жауапқа тартты



Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контент жариялаған 9 азаматтың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Олар лайк, қаралым мен донат жинау үшін тікелей эфирде балағат сөз айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырған, төбелес сахналаған және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге барған. Сот шешімімен кейбіріне айыппұл салынса, енді бірі әкімшілік қамауға алынды.

ІІМ мұндай заң бұзушылықтар алдағы уақытта да анықталып, тиісті шаралар қабылданатынын ескертті. Ведомствоның айтуынша, әлеуметтік желідегі лақап ат немесе анонимділік жауапкершіліктен құтқармайды — заң цифрлық кеңістікте де бәріне бірдей қолданылады.

Дұрыс болды! Тиктокта ауыздарына келгенін оттап, білгенін істеп отыратындар қаншама! Жасы да, кәрісі де бар!

📹ҚР ІІМ
Просмотры: 87
Открыть в MAX Сообщить о неточности

Сообщить о неточности

Опишите, что нужно исправить. Если есть источник, добавьте ссылку.

Вы покидаете datool.ru

Ссылка ведёт на внешний сайт. datool.ru не отвечает за его содержимое — проверьте адрес, прежде чем вводить пароли или платёжные данные.

Переход через 10 с

Перейти