Ерлі-зайыпты екіге кеткенде, ортақ баспананы бөлісу және несиені өтеу мәселесі туындайды. Мұндай жағдайда бірнеше жол бар.
Ипотекадағы пәтерді қалай бөлуге болады?
🔹Пәтерді бір жұбайына қалдыру. Ол екінші тарапқа тиесілі үлесінің құнын өтейді. Алайда ипотеканы бір адамның атына рәсімдеу үшін банктің келісімі қажет болуы мүмкін.
🔹Баспана сату. Сатудан түскен ақшаның есебінен ипотеканың қалған бөлігі өтеледі. Қалған қаражат ерлі-зайыпты арасында бөлінеді.
🔹Ипотеканы бірге төлеуді жалғастыру. Ерлі-зайыпты пәтерді сатпай, несиені бірлесіп өтей алады. Бірақ бұл үшін төлем тәртібін алдын ала келісіп алған жөн.
📌Қандай жағдайда пәтер бөлінбеуі мүмкін?
Егер баспана некеге дейін сатып алынса, мұраға қалса немесе сыйға берілсе, ол жұбайлардың ортақ мүлкі болып саналмауы мүмкін.
Ал ипотека некеге дейін рәсімделіп, кейін несие ортақ қаражат есебінен төленсе, екінші жұбай өтемақы талап етуге құқылы болуы мүмкін.
💰Ал несиелер қалай бөлінеді?
Некеде алынған барлық несие автоматты түрде екіге бөлінбейді. Сот қарыздың қандай мақсатта алынғанын және қаражаттың отбасы қажетіне жұмсалған-жұмсалмағанын ескереді.
Егер кредит жұбайлардың ортақ қажеттілігіне жұмсалса, қарыз ортақ міндеттеме ретінде қарастырылуы мүмкін. Ал бір адамның жеке қажетіне алынған несие сол адамның жауапкершілігінде қалуы ықтимал.